BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 343.45 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 399.57 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

Шпекбаев қажетсіз құрылымдардың қысқартылатынын айтты

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев медициналық қызмет көрсету саласын жетілдіру мәселелері туралы өткен республикалық семинар-кеңесте қажетсіз құрылымдарды қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінде оңтайландыруды сауатты жүргізіп, цифрландырудың барлық мүмкіндіктерін қолдана білу қажет. Осының есебінен керек емес басқарушы буын секілді жекелеген құрылымдар қысқаратын болады және осының арқасында еңбекақыны көтеру мүмкін болады», - деді ол.

Ол өзі басқаратын Агенттікте оңтайландыру қалай іске асырылып жатқанын баяндады.

«Біз бұдан да әрі кетіп қалдық. Бүгінде қосалқы қызметтер бірыңғай қызмет көрсету орталықтарына бірігіп жатырмыз. Осының есебінен қызметкерлерді басқаратын бірыңғай қызметті құрдық деп айта аламын. Бүгінде заңнамалық қызмет пен мемлекеттік сатып алу қызметін орталықтандырып жатырмыз. Оңтайландыру арқылы Агенттіктің орталықтағы және аймақтардағы қызметшілерінің еңбекақысы көтерілетін болады», - деді Шпекбаев семинар-кеңесте.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер