BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 372.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Сарапшы: Тәжікстан президентінің ресми сапары Қазақстанмен қарым-қатынасты тереңдете түседі

Фото: Матрица.kz

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің аға ғылыми қызметкері Анастасия Решетняк Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары туралы және Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Ертең, 15 наурызда Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі аймақтық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Өткен ширек ғасырда олар негізінен екі жақты деңгейде немесе үкіметаралық ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылды. ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД, АӨСШК, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және басқа да институттар үшін нақты мәселелер шешілген болатын. Ұзақ уақыт бойы осындай форматқа қол жеткізбей келе жатқан қайшылықтар, соңғы жылдары көз алдымызда шешіліп келеді. Мысалы: Өзбекстан мен Тәжікстан, Қырғызстан арасындағы қатынастар реттеліп, күн тәртібіндегі ең күрделі деп отырған су проблемасы, шекаралық реттеу, сауда-экономикалық қатынастар, ортақ инфрақұрылымды құру мәселесі шешілуде», - деді Решетняк.

Оның айтуынша, көптеген қазақстандық дипломаттардың Нью-Йорктегі БҰҰ бойынша кездесулері сыртқы істер ведомстволарының барлық басшыларын біріктірді және бейресми жағдайда аймақтағы іс-әрекеттерді одан әрі үйлестіруді талқылауға мүмкіндік берді.

«Бұл кейінірек 2017 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясында Ш.Мирзиеев Орталық Азия мемлекет басшыларының бейресми саммитін жасауды ұсынғанда байқалды. Біз өз тарапымыздан осындай бастаманы толықтай қолдаймыз және оны іс жүзінде жүзеге асыру үшін ұсыныстар жасадық. Бүгінгі Э. Рахмонның Астанаға ресми сапары Қазақстанмен қарым-қатынастарды тереңдетудегі қызығушылықты білдіреді», - деді ғылыми сарапшы.

Сондай-ақ, ол көші-қон мәселелері бойынша маңызды келісімдерге қол қою және сыртқы істер министрліктері деңгейінде өзара іс-қимыл бағдарламасы қарастырылатынын атап өтті.

«Тәжікстан әлем елдерімен стратегиялық әріптестік туралы тек 4 келісімшартқа ие, олар - Ресей, Қытай, Түрікменстан сияқты серіктестер. Ал, 2015 жылы осындай құжат бойынша Қазақстанмен жасалған келісім біздің республикалар арасында қалыптасқан сенімді қарым-қатынастарды одан әрі нығайта түсті. Осылайша, Э.Рахмонның ресми сапарын, бір жағынан біздің мемлекетімізге деген достығы деп, ал екінші жағынан Орталық Азиядағы көп жақты қатынастар форматына қолдау көрсетуі деуге болады», - деп қорытындылады Анастасия Решетняк.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер