BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

«Самұрық-Қазынада» кадрлық өзгерістер болды

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жаңа кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС жаңа басшыларын тағайындады.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Әсет Қабиұлы Құрманғалиев тағайындалды. Ә. Құрманғалиев 2017 жылдың қыркүйек айынан ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметін атқарды және «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлары кеңесінің мүшесі болды. 1998-2017 жылдар аралығында Ә. Құрманғалиев ҚР Қорғаныс министрлігінде, Астана қ. әкімдігінде, «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында және ҚР Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» партиясы фракциясының аппаратында әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды.

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС бас директоры қызметіне Нұржан Құрманбекұлы Әбдімомынов тағайындалды. Н. Әбдімомынов 2010-2018 жылдар аралығында ҚР СІМ шетелдік өкілдіктерінде еңбек етті: ҚР-ның Португалиядағы уақытша сенімді өкілі, ҚР-ның Гонконгтағы және Макаодағы бас консулы. 2006-2009 жылдар аралығында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Н. Әбдімомынов Данди университетінің түлегі және қазақ, орыс, ағылшын, қытай және португал тілдерін меңгерген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер