BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Ресеймен шекараны шегендеу жұмысын 5-7 жылда аяқтаймыз – СІМ 

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын шегендеу жұмысы алдағы 5-7 жылда аяқталады. Бұл туралы Мəжілістің жалпы отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Қазақстан Қырғызстан Республикасымен шекараны шегендеу туралы келісімнен басқа Қытай жəне Түрікменстанмен келісімге қол қойды. Қытаймен келісімге 2002 жылғы 10 мамырда қол қойылып, ол 2003 жылғы 23 маусымда күшіне енді. Ал Түрікменстанмен 2017 жылғы 18 сәуірде қол қойылып, 2018 жылғы 29 қаңтарда күшіне енді. Қазіргі уақытта біз Өзбекстанмен мемлекетаралық шекараны шегендеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазір тиісті шарт жобалары екіжақты келісім бойынша жүргізіліп жатыр. Оны біздің жобамыз бойынша бір-екі жылдың ішінде аяқтау жоспарлануда. Ал Ресеймен шекара сызығы, өздеріңіз білесіздер, əлемдегі ең ұзын шекара саналады. Ол 7,5 мыңнан астам шақырымды құрайды. Қазір Ресеймен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмысты 5-7 жылдың аясында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз", - деді Мұхтар Тілеуберді.

Атап өтсек, бүгін төменгі палатаның жалпы отырысында Мəжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан - Қырғыз мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасын мақұлдаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер