BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.01 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.39 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.53
Астана:

Путин қазақстандықтарды 2019 жылы Омбыда өтетін форумға шақырды

Фото: Ақорда

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің қатысуымен пленарлық отырыс басталды. Алқалы жиында сөз алған Владимир Путин қазақстандықтарды келер жылы Омбы қаласында өтетін XVI өңіраралық туристік форумға шақырды.

Кездесуде алғашқы болып сөз алған Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан мен Ресейдің экономика, өндіріс, туризм, білім беру сынды тағы басқа салалардағы екіжақты байланыстың маңыздылығына тоқталды. Елбасы болашақта ынтымақтастық қарым-қатынас көкжиегін одан әрі арттыру қажеттігін айтты.

Владими Путин Қазақстан Ресей үшін сауда-экономика, туризм, өндіріс саласындағы салмақты серіктес екендігін атап өтті.

"Бүгінгі форумның маңызы зор. Дәл осы жиында жыл сайын Қазақстан мен Ресей дамуында екіжақты қарым-қатынас мүмкіндігі қарастырылады. Өңіраралық тікелей байланыс түрлі салаларды қамтып, көкжиегі кеңіп келеді. 2019 жылы форум Ресей жерінде, Омбы қаласында өтеді. Баршаңызды сол жиынға шақырамын", - деді ол.

Кездесу соңында мемлекеттер басшыларына «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамытуға арналған жоба таныстырылмақ. Форумда Қазақстан мен Ресей арасында түрлі салада 75 меморандумға қол қою жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасының Солтүстік Қазақстан облысына сапары жайлы және Назарбаев пен Путиннің туристік көрмені аралап көргені туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар форум аясында 75 меморандумға қол қойылғаны туралы хабарлағанбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер