BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Президенттің шешімін талқыға салмаймын – Балиева

Фото: akk.diakom.gov.kz

Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева ҚР Балалар құқықтары жөніндегі жаңа уәкілдің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біріншіден, Мемлекет басшысының шешімін талқыға салмаймын және оған қатысты пікір де білдірмеймін. Уәкіл етіп тағайындалған азамат (Сәуле Айтпаева – автор) – бұл орынға әбден лайық. Ол көп уақыттан бері құқыққорғау органдарында қызмет атқарған, балалардың қиындықтары мен проблемаларымен жақсы таныс. Мен жанында болып, оған көмектесемін», - деді Балиева сұхбатында.

Депутаттың айтуынша, балалар құқығын қорғап жүріп көп тәжірибе жинаған. Ол алдағы уақытта жаңа тағайындалған уәкілге қолдау білдіретінін жеткізді.

«Біз телефон арқылы сөйлестік. Мен оны құттықтадым. Әрі қарай қалай жұмыс істейтінімізге қатысты пікір білдірдік. Алдағы уақытта ол маған сенім арта алады», - дейді Балиева.

Сондай-ақ, депутат алдағы уақытта да қазақстандық балалардың құқығын қорғайтынын жеткізді.

«Мен уәкіл болып тағайындалғанға дейін және тағайындалған кезде балалар құқығын қорғадым. Алдағы уақытта да осы іспен айналысамын, себебі балалардың проблемалары мені әлі де толғандырады. Балалар құқығына қатысты сауалдар өте көп. Жаңа тағайындалған уәкілге жұмысын жалғастырып, заң жобаларын әзірлеуде қол ұшымды созамын. Мәжіліс депутаты ретінде де осы сауалдарды көтеретін боламын. Бұл тақырыптан алыстамаймын», - деп сендірді Балиева.

Естеріңізге сала кетсек, 12 маусым күні Президент Өкімімен Зағипа Балиева қызметінен босатылды. ҚР Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл болып Сәуле Айтпаева тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер