BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Президент көмекшісі тағайындалды

Нұрсұлтан Назарбаев Т.М. Жақсылықовты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 21 қыркүйек № 752

Тимур Жақсылықов 1968 жылы 17 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Белоусовка кентінде туған.

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1993) тарихшы мамандығы бойынша;

Саяси зерттеулер институтының (Страсбург қаласы, Франция) магистратурасын (1997) еуропалық зерттеулер саласындағы магистр мамандығы бойынша;

Қазақ экономика және қаржы институтын (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.

1993-1996 жылдары - Қазақстан Агротехнологиялық университетінің атқарушы директоры.

1997 жылдан - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы.

1998 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі.

1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі.

2002 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Жүйелі зерттеулер орталығы басшысының орынбасары.

2003 жылдан - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі департаментінің директоры.

2004 жылдан - Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ҚР Индустрия және сауда министрлігі өкілдөр тобының басшысы.

2005 жылдан - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Швейцар Конфедерациясындағы ҚР тұрақты өкілдігінің 1-ші хатшысы, «Маркетингтік-сараптамалық зөрттеулер орталығы» АҚ (Алматы қ.) басқарушы директоры.

2006 жылдан - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» РМК бас директоры.

2007 жылдан - «Астананы тұрақты дамыту орталығы» ЖШС директоры, Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры м. а., директоры.

2008 жылдан бері - Астана қаласы әкімінің экономика және қаржы топтамасы бойынша орынбасары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер