BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 375.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Палестина АҚШ вице-президентімен кездесуден бас тартты

Палестиналықтар АҚШ президентінің Иерусалимді Израиль астанасы деп тануына қарсылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net басылымына сілтеме жасап.

Палестиналықтар АҚШ президентінің Иерусалимге қатысты шешіміне қарсылық білдіріп, Палестина билігі АҚШ вице-президенті Майкл Пенспен кездесуден бас тартты.

«Біз АҚШ оккупациялаған Иерусалим қаласын Израиль астанасы етіп тануына қарсы жауап ретінде аталған мемлекеттің вице-президентімен кездесуден бас тартамыз», - деп мәлімдеді палестиналық ФАТХ қозғалысының өкілі Джебриль Раджуб.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп 6 желтоқсан күні Иерусалимді Израиль астанасы деп таныған болатын. Мұнымен қатар, ол АҚШ елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді тапсырды. Осыдан кейін Трамптың рейтингі құлдырап антирекорд жасады.

Аталған АҚШ президентінің шешіміне қатысты әлем лидерлері де өз пікірлерін білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер