BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Орталық сайлау комиссиясы қайта тағайындалған Сенат депутаттарын тіркеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Мемлекет басшысының Жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында Мемлекет басшысының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлықтарымен тағайындалған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті.

Депутат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты, Бектас Әбдіханұлы Бекназаровты, Дархан Аманұлы Кәлетаевты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес тіркеуден соң депутаттар қызметіне кіріседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер