BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 423.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысында жиһаз жасайтын фабрикаға барды

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Квант» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жиһаз жасайтын фабрикасына барды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімет ұсынылып, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде баяндалды.

Сондай-ақ, фабриканы аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, соның ішінде өнеркәсіп секторының, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, кәсіпорын аумағында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, фин технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жаңғырту, ірі қара мен ұсақ малдың терісін өңдеу, нан және макарон өнімдерін өндіру, химия өндірісі, дизель отынының компоненттерін гидротазалау жөніндегі жобалар бар.

***

«Квант» компаниясы поролон, матрас, тұтас және жұмсақ жиһаз жасаумен айналысады. Өндірісте қолданылатын барлық материал экологиялық тұрғыдан таза әрі мемлекеттік стандарттарға сай келеді.

Жиһаз еуропалық тауар өндірушілердің заманауи құрал-жабдығымен озық технологиялар қолданыла отырып жасалады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер