BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Назарбаевтың Сочидегі бес маңызды мәлімдемесі  

Фото: akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Ресейде жұмыс сапарымен болып, ТМД мемлекеттері басшылары және Жоғары экономикалық кеңес отырыстарына қатысты. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен екіжақты келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамыту жайын талқылады.

Sputnik порталының мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей экономикада, өзге де салаларда Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екенін атап өткен.

«Қазақстан Ресейдің ең сенімді және жақын серіктесі болады», - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Ресей экономикасында санкцияға байланысты қиындықтар бар екеніне қарамастан, біз алға жылжи береміз және осы бағытта дами түсуге шешім қабылдап отырмыз », - деп сендірді Қазақстан басшысы.

«Байқоңыр бойынша біздің серіктестігіміз жақсы дамып жатыр, таяуда сонда болып қайттым, соңынан айтып беремін», - деп атап өтті Назарбаев Путинге қарата айтқан сөзінде.

«Маңызды кездесулер өтіп, үнемі пікір алмасып тұрғанда ешқандай шешілмейтін мәселе болмайды», - деп атап өтті Президент.

Қазақстан басшысы журналистердің «Қырғызстан президенттігіне кандидат Өмірбек Бабановты қолдайтыныңыз рас па? деген сұрағына: «Оның бәрі өтірік» деп жауап берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер