Мемлекеттік хатшы Иран елшісімен кездесті - Саясат|08 Тамыз 2018, 12:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 361.66 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 409.51 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.41
Астана:

Мемлекеттік хатшы Иран елшісімен кездесті

Фото: ult.kz

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилумен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Мемлекеттік хатшы ел басшыларының тығыз әрі сенімге құрылған диалогының арқасында қазақ-иран қарым-қатынасы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Осы жылдар аралығында жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Иран Ислам Республикасының президенті Астанаға бірнеше рет ресми сапармен келді. Елбасымыз да Иранда болды. Нәтижесінде қос тарап 1 млрд 38 млрд долларды құрайтын индустуриалдық-инновациялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Бұл бағыттағы жұмыс белсенді жүргізілуде», - деді ол.

Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, мемлекеттер арасындағы тауар айналымы жылына 550 млн долларды құрайды екен. Оның пікірінше, аталған саладағы әріптестік одан әрі нығайту керек.

«Осыдан 10 жыл қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 2 млрд доллар болған. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек», - деді Мемлекеттік хатшы.

Осы орайда ол 12 тамызда Ақтауда өтетін Каспий маңы елдерінің 5-саммитінде маңызды құжатқа қойылатынын атап өтті.

«Біз Каспий маңы елдерінің 5-саммитінің алдында кездесіп отырмыз. Мұнда Каспий теңізінің мәртебесін анықтау бойынша өте маңызды құжат дайындалды. Бұл жұмысқа ирандық тарап атсалысты. Саммитте аталған құжат қаралады деген үміттеміз. Нәтижесінде тараптар аталған құжат бойынша тиісті жұмыстарды жүргізеді деген ойдамыз», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы кездесуде әлем елдерін алаңдатып отырған мәселеге тоқталды.

«Өкінішке қарай, АҚШ Иран ядролық келісімінен шықты. Қазақстан бұл мәселе дипломатиялық жолмен шешілуі қажет деген ұстанымда. Әрине, бізді өзге мемлекеттер аталған келісімді қолдап отырғаны қуантады. Қазақстан аталған құжатты дайындауға белсенді қатысқан болатын. Сондықтан біз келісім бойынша жұмыс жүргізілгенін қалаймыз», - деп түйіндеді сөзін ол.

Кездесу соңында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилуге қос мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер