BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 365.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

Мемлекет басшысы ФАО-ның байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы заңға қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ФАО-ның байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) арасындағы ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Байланыс және әріптестік жөніндегі бюросын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер