USD 334.48 EUR 355.62 RUB 5.25
Астана:

Мәскеуде Байқоңыр ғарыш айлағын дамыту жайы талқыланды

Фото: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Мәскеуде РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Тараптар қос мемлекет арасындағы ғарыш және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықтың даму келешегі мен қазіргі жай-күйін талқылады.

Бұған қоса, «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастыққа қатысты қол қоюға әзірленіп жатқан құжаттар бойынша нақты мәселелер қаралды: «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықты одан әрі тереңдету тұжырымдамасын әзірлеу, Байқоңыр қаласының мәртебесі туралы мемлекетаралық келісімге өзгерістер енгізу және т.б.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендерін білдірді.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады