USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

ҚР Мемлекеттік хатшысына 9 елдің елшісі сенім грамотасын тапсырды

Фото: Литер

Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға Қазақстанда төтенше және өкілетті елші міндетін атқаратын 9 елдің өкілі сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Маңызды жиынға Буркино Фасо – Антуан Сомда, Ұлы Люксембург Герцогтігі – Жан-Клод Кнебелер, Жаңа Зеландия – Ян Хилл, Черногория – Игорь Йовович, Исландия Республикасы – Сигридур Берглинд Асгейрсдоттир, Молдова Республикасы – Думитру Брагиш, Парагвай Республикасы – Рамон Антеро Диас Перейра, Руанда Республикасы – Уильямс Нкурунзиза, Судан Республикасы – Надир Юсеф Аль-Тайеб қатысты.

Гүлшара Әбдіқалықова салтанатты рәсім ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілгендігін атап өтті. Мемлекеттік хатшы елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының ресми басталауымен құттықтап, олардың қызметтері елдер арасындағы ынтымақтастықтың әлеуетін өсіруге ықпал ететіндігіне сенім білдірді.

Жаңа Зеландия елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова еліміз үшін агроөнеркәсіп саласындағы инновациялық технологиялар мен ауылшаруашылық өнімдерін терең өндіру саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше қызығушылық танытатындығын атап өтті.

«Географиялық жағынан Жаңа Зеландия мен Қазақстан алыс орналасқан. Соған қарамастан біз достық қарым-қатынастамыз. Нақтырақ айтсақ, біз қазақ елімен көптеген салалар бойынша байланыс орнаттық. Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығында тұрақты емес мүшелігіне өтуімен құттықтаймын. Біздің еліміз осы жылы бұл кеңестегі жұмысын аяқтайды. Жаңа Зеландия мал шаруашлығы салысындағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Себебі, мемлекетімізде сүт және ет өнімдерін өңдеу жақсы жолға қойылған», - деді Қазақстандағы Жаңа Зеландия елшісі.

Ал Мемлекеттік хатшы Парагвай елшісімен кездесуінде аталмыш ел электр қуатының 90%-ын қалпына келетін қуат көздерінен алып отырғанына назар аударды. Сондай-ақ, Парагвай Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатыса отырып әлемге баламалы энергетика саласындағы үздік жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік алатынын айтты.

«Мен – үшін елші ретінде Қазақстанда қызмет атқару үлкен құрмет. Қазақ елі мен Парагвай арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жандандыра түссем деген ойдамын. Біз Қазақстан сияқты ашық теңізге шыға алмаймыз. Соған қарамастан БҰҰ аясында теңізге шыға алмайтын 34 мемлекет кіретін топ арқылы сіздермен тығыз байланыс орнатуға тырыстық. Сонымен қатар, экономика және еліміз мамандаған салалар бойынша қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуды көздеп отырмыз», - деді Парагвай елшісі.

Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова елшілерді Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақырды.

Ұқсас сілтемелер:
01 Желтоқсан 2016, 14:49
Елдің атын шығарған Елбасы
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады