BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.34 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.52
Астана:

«Қорғас шығыс қақпа» құрғақ портынан «Құрыққа» жүк пойызы жөнелтілді

Фото: bnews.kz

Бүгін Ақтау қаласында өтіп жатқан Транскаспий саммиті аясында телекөпір арқылы «Қорғас» шығыс қақпа құрғақ портынан контейнерлі пойыз «Құрық» портына жол тартты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Телекөпір аясында «Қорғас Шығыс қақпа» АО Еркін сауда аймағының бас директоры Мұрат Баймұхамбетов Қазақстан Республикасының президентіне осы минуттарда «Қорғас» шығыс қақпа құрғақ порты тұрақты контейнерлі пойызын «Құрық» портына жіберуге дайын екенін жеткізді.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, осы минуттарда «Қорғас» шығыс қақпа құрғақ порты тұрақты контейнерлі пойызын «Құрық» портына жіберуде, одан ары транскаспий дәлізі арқылы Еуропаға шығады. Бұл логистикалық дәліз Қытай, Кавказ және Еуропа клиенттері үшін тартымды болып отыр. Транскаспий халықаралық дәлізі бойынша мультимодалды контейнерлерді жалғайтын пойыздың жүруіне старт беруіңізді сұраймын», -деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрық портындағы паром кешені мультимодальдық көлік хабы таныстырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер