BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 341.08 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 394.46 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.37
Астана:

Еуропаға кететін Қытай тауарларының 30%-ы Қазақстан арқылы өтеді

Фото: Baq.kz мұрағатынан

Қытай Халық Республикасы – еліміздің негізгі ынтымақтас, шекаралас екі ұлы державаның және әлемдік экономикалық орталықтардың бірі. Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара әрекет осы тұрғыда құрылған, сондай-ақ екі мемлекеттің қызығушылығы мүдделестіктен жоғары. Кездесулердің қарқындылығы жоғары деңгейде артып келеді – жылына кем дегенде екі рет; жұмыс топтары аясында да кездесулердің қарқыны өсті, яғни жылына 20-дан астам кездесу, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі strategy2050.kz басылымына сілтеме жасап.

Бұған кезекті дәлел – Қытай тарапының қазіргі кездесуді жоғары бағалауы: ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай көшбасшысы Қазақстанмен серіктес болуға ерекше назар аударатынын ескеріп, ресми сапар шегу мәртебесін мемлекеттік сапар шегу мәртебесіне өзгертті.

Экспорт-импорт бағалардың тұрақсыздығына қарамастан, Қытай Қазақстанның ішкі сауда айналымында көшбасшы орында. ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2017 жылы екіжақты сауда көлемі 10,5 миллиард АҚШ долларына жетіп, өткен кезеңмен салыстырғанда 32,6 пайызға артты. Қытай – қазіргі уақытқа, бұрынғысынша, Қазақстанның екінші ең ірі сауда серіктесі, экспортты нарық маңыздылығы бойынша екінші және қазақстандық тауарларды ірі көлемде импорттаушы болып саналады, сондай-ақ негізгі инвесторлардың бірі.

2017 жылы Қытайдың Қазақстанға жалпы инвестиция құюы 998,7 млн долларға жеткен.

Біздің ел - «Бір белдеу, Бір жол» бастамасының Орталық Азия операторы және оның Астанада жарияланғаны кездейсоқ емес. Күн тәртібінде екі көшбасшының кездесуі ең алдымен «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және Еуразия Экономикалық одағының ықпалдастығы аясында тығыз қарым-қатынасты тереңдетеді. Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру жылдам қарқынмен жүріп жатыр: бүгінгі таңда ҚХР жүгінің 30 пайызы Еуропаға біздің ел аумағы арқылы тасымалданады. Халықаралық консалтингтік PriceWaterhouseCoopers компаниясының болжамынша, 2020 жылы тауарды Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау жылына 1,7 миллион контейнерге ұлғаяды.

Инвестиция және даму - екіжақты қарым-қатынастың маңызды бөлігі. ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда біздің мемлекет Қытаймен бірлесіп Қазақстанның өндірістік қуаттарын дамытуға арналған 6,9 млрд АҚШ долларын құрайтын 11 жобаны жүзеге асыруда. Жалпы алғанда 27,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 51 жобаны іске асыру көзделуде. Ол үшін екі жақ та техникалық мамандарды дайындау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ жоғары құн қосылған біріккен өнім өндіруді жолға қою сияқты міндеттерді орындауы керек.

Кездесу нәтижесінде екі көшбасшы бірқатар құжатқа, соның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Қытай Халық Республикасының тиісті ведомстволары арасында индустриалды-инновациялық ынтымақтастық, электрондық коммерцияны дамыту саласындағы тығыз ынтымақтастық үшін өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Қытай үкіметі үшін Қазақстанмен шектесетін аймақтарды Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету өте маңызды. Кездесу барысында осы бағыт бойынша жүйелі келісімдерге қол жеткізілді: ҚХР-дың қазақстандық сиыр еті мен жоңышқа шөбіне қатысты санитарлық қызмет талаптары келісілді.

Бизнес-қауымдастығы өкілдерінің кездесуі – мемлекеттік сапардың дәстүрлі маңызды бөлігі.

8 маусым күні Қазақстан-ҚХР Іскерлік кеңесі өтті. Оны қазақстандық тараптан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен қытайлық CITIC корпорациясы ұйымдастырды.

Бизнесмендер құны 13 млрд доллар болатын 40-қа жуық коммерциялық құжаттарға қол қойды. Бұдан басқа индустрияландыру және инвестициялау саласындағы ынтымақтастық аясында құны 28 млрд долларға жуық болатын 51 жобаның тізімі жасалды.

ҚР Президенті ҚХР «бизнес капитаны» - Қытайдағы алдыңғы қатардағы озық компаниялардың өкілдерімен жеке сөйлесті. Қытайлық бизнесмендердің ЭКСПО-2017 базасындағы «Астана» халықаралық қаржы орталығы және «Халықаралық IT-стартап технопаркіне» қатысуы жайлы мәселелер талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара әрекет етудегі перспективасы жоғары салаларға агроөнеркәсіп кешенін, циярландыру мен туризмді жатқызды. CNPC корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Ван Илинмен кездесудің маңызы зор болды. Онда ҚР Президенті бұл компаниямен ынтымақтастықты жалғастыруды, атап айтқанда Кеңгияқ-Атырау мұнай құбырын пайдалануға ниетті екенін жеткізді. Осы орайда, Қазақстан Қытайға мұнай жеткізу көлемін арттырып, ішкі жеткізуді де ұлғайтатыны белгілі болды.

Н. Назарбаев сапар барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен энергетика, транспорт және ауыл шаруашылығы саласын, Халық өкілінің жалпықытайлық жиыны комитетінің тұрақты төрағасы Ли Чжаньшумен екі елдің парламентаралық өзара қарым-қатынасын талқылады.

Сонымен қатар ҚР Президенті Тяньаньмэнь алаңындағы Халық қаһармандары ескерткішіне гүл қойды.

«Қытайда Қазақстанның танымалдығы артып келеді. Бұған бірлескен инвестициялық жобалар ғана емес, ғалымдар, сарапшылар және өнер қайраткерлері арасындағы тығыз қарым-қатынастар да әсер етуде», - дейді қазақстандық танымал синолог Руслан Изимов.

Мәдени-гуманитарлы сипаттағы байланыстың нығаюы қытайлық жастар арасында танымал әншіге айналған Димаш Құдайбергенов феноменінде ғана емес, кинематографияда да байқалады. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Shinework Pictures» және «China Film Coproduction Corporation»-мен бірлесе түсірген, Си Синхая мен Бақытжан Байқадамовтың достығын бейнелейтін «Композитор» фильмі бірлескен шығармашылықтың маңызды алғышартына айналды.

Пекинде Н.Назарбаев пен Си Цзиньпин түсірілім жұмыстарына қатысқан қазақстандық және қытайлық актерлармен кездесіп, фильмнің трейлерін тамашалады. Осылайша, Қазақстан инвестициялық тартымдылықты арттыру және бизнес-ортаны жақсарту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Біздің ел кәсіпкерлік саладағы заңнамаға, Шетелдік инвесторлар кеңесін, «Қазақ Инвест» және «Қазақ Экспорт» ұлттық компанияларын құруға, шетелдік жұмыс күшін тарту мен лицензия алу және жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарды бекітуге, сондай-ақ 11 арнайы экономикалық және 24 индустриялық аймақтың қатысушыларына арналған салық жеңілдігі мен оларға берілетін артықшылықтарға баса назар аударады.

Қазақстанның географиялық тұрғыда тиімді орналасуы көптеген ірі қытай компанияны тарта отырып, бизнес жүргізуге зор мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік сапары барысында жетекші қытай компанияларының өкілдері қазақстандық әріптестермен бизнес-қарым-қатынас орнатуға деген қызығушылықтары зор екенін айтты.

Сонымен қатар, қытай тарапы қазақстандық экологиялық тұрғыда таза ауылшаруашылық өнімдерін өз нарықтарына кіргізуге, энергетика саласында екіжақты әріптестікті нығайтуға, мұнай-газ кешені және жаңа технологиялар мен цифрландыруға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлы байланысқа қызығушылық танытты. Мұның өзі екі елдің көршілік қарым-қатынасы үзілмейтінін дәлелдейді.

Анастасия Решетняк

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер