Әлеуеті Қазақстаннан он есе үлкен Ресей де Қытайдан инвестиция тартуды көздейді - сарапшы - Саясат|11 Маусым 2018, 20:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.71 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 411.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.38
Астана:

Әлеуеті Қазақстаннан он есе үлкен Ресей де Қытайдан инвестиция тартуды көздейді - сарапшы

Фото: ашық дереккөзден

Саясаттанушы Қытайдан қорқу керек деген пікірдің орынсыз екенін, Қазақстаннан он есе әлеуеті үлкен Ресейдің өзі Қытайдан несие тартуды мақсат етіп отырғанын айтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан-Қытай арасындағы экономикалық байланыстар ширек ғасыр бұрын дорбалап тасыған киім-кешектен басталып бүгіндері 40 млрд доллардан астам межеден асып келеді. Осы кезге дейін бізде "Қытайдан қорқу керек" деген пікір қалыптасқанына қарамастан /оған Ресейдің ақпарат кеңістігінің көлеңкесінде қалып келе жатқанымыз да бір себеп/ қытайлық бизнестің өз инвестициялық міндеттерін барынша таза орындап келе жатқандарына көз жеткізіп келеміз. Оған мысалдар да жеткілікті.

Сондықтан да, мына келісім-шартар аясында аталып отырған экономикалық көрсеткіштер барынша қолжетімді, реалды, нақты сандар екендігіне күмән жоқ. Тек саяси-іскерлік шешім керек. Ол қабылданды. Енді жүзеге асыру ғана қалды. Оған дайындығымыз да жоқ емес. "Кәсіпкерлік туралы" заңға енгізілген 1000-нан астам түзетулер отандық бизнес пен инвесторларға үлкен мүмкіндіктер ұсынып отыр.

Елбасының осы табысты сапарының негізінде ұтымды келіссөздер ғана емес, еліміздің осы саладығы қыруар еңбегі де жатыр.

Негізінде, біз ресейлік БАҚ ізімен "қазіргі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында" деп сөйлеуді әдет қылып алғанымызбен, әлемдік экономикада ешқандай дағдарыс жоқ, өз ретімен, бір калыпты, жылына 3 пайыз шамасында ақырындап өсіп келеді. "Әлсіреп келеді" деген Қытай экономикасы 6,5 пайыздан астам өсім көрсетуде. Бізге қарқынды дамып келе жатқан экономикалар көшіне ілесу тиімді.

Мысалы әлеуеті бізден 10 есе үлкен Ресей экономикасы да Сібір күші газ құбырын тартуда қытайлық инвестицияларға жүгініп отыр. Еліміздің де төртінші МӨЗ салуда олармен әріптестіктен ұтылмасымыз анық. Қазіргі әлемдегі "экономикалық эгоизм" трендінде бірден 13 млрд долларлық инвестиция жиынтығын тарта білу үлкен жетістік. Ал оны игеру біздің қолымыздан келеді.

Берік Тұрғанбекұлы,

саясаттану магистрі

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер