BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қытайда фото түсіріп, жеңімпаз болғандар марапатталды

Фото: Гүлжан Раманкулова

Бүгін Астанадағы «Бейжің сарайы» қонақүйінде «Қытай қазақстандықтардың көзімен» фотоконкурсының жеңімпаздарын еліміздегі ҚХР-дың Төтенші және Өкілетті елшісі Чжан Сяо марапаттады, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

700-ден астам фотоның ішінен үздіктерді анықтау оңай болмаған.

«Мен Қазақстан елшісі ретінде жауапты міндетке кіріскенде сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қатысушыларға алғыс айтамын. Қытай реформалар мен ашықтық саясатына 40 жыл толып қана қоймай, осы уақыт ішінде түрлі өзгеріс болды. Сіздер жіберген фотолар екі ел арасындағы қатынастың тығыз, достық негізде жүріп жатқанының дәлелі. Конкурсқа ақпараттық қолдау білдірген «Казахстанская правда» газетіне алғыс білдіремін. 700-ге жуық жұмыс келіп түсті. Арасынан іріктеп шығу оңай болмады. Дегенмен жеңімпаздар бар, оларды құттықтаймын», - деді елші.

Чжан Сяо екі ел қатынасы одан әрі де қарқынды дами беретінін атап өтті.

«Қазір Қазақстан мен Қытай ортақ тарихындағы екі берік әрі достық қарым-қатынастың өте тығыз, жоғары деңгейін көрсетіп жатқанын білеміз. Тарихи сәт. Осыдан 5 жыл бұрын Қытай төрағасы Си Цзиньпин 2013 жылы «Бір жол, бір белдеу» экономикалық белдеуінің идеясын айтқанда Қазақстан тарапы бірден қолдау білдірді. Сондықтан екі елдің қарым-қатынасы одан әрі де берік болатынына күмәнім жоқ. Осы орайда Қазақстанның дана, стратег көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың да еңбегін атап өтуім керек», - деп қосты дипломат.

Ал, алматылық зейнеткер Қуаныш Сейтенова конкурсқа қалай қатысқаны туралы айтып берді.

«Біз үйленгеннен бері «Казахстанская правданы аламыз. 35-36 жыл болып қалды. Негізінде орыс мектебінде оқығанбыз. Жолдасым осындай конкурс болып жатыр, қатысайық деп фотоконкурс туралы айтты. Осыдан 5 жыл бұрын қызыммен Қытайды аралағанбыз. Сол естеліктермен бөлісейік, конкурсқа қатысайық деп шештік. Ал, сапар кезінде бірнеше жерге бардық. Қытай қорғанына, 40 жылдан бері қазба жұмысы жүріп жатқан Терракотия армиясының музейін араладық, телемұнараны көрдік. Біз барғанда сәуір айы болған еді. Сол кезде гүлдер көрмесі өтіп жатыр екен. Сакураларды көріп, сергіп қайттық. Осы қызықты сәттерді газеттің конкурсына жібердік. Белсенді қатысушы ретінде марапат алдық. Қуаныштымыз», - деді Алматыдан марапаттау кешіне арнайы келген зейнеткер Қуаныш Сейтенова.

Айта кетсек, аталған фотоконкурсты Қазақстандағы Қытай елшілігі «Казахстанская правда» газетімен бірлесе отырып ұйымдастырған.

І орынды Ақтөбе қаласының тұрғыны Жұбаныш Байгуринов алса, екінші орында үш адам: Галина Ибрагимова (Алматы), Әнел Қасымова (Астана), Айгүл Құрғанбаева (Алматы) анықталды. Ал ІІІ орынға лайық бес қазақстандық бар: Ыдырысов Қанат, Прилепская Анастасия, Сая Болатхан, Арман Қалмен, Подгайнова.

Фото Гүлжан Раманкулова


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер