BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 369.35 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.57
Астана:

Қазақстан-Түркия инвестициялық форумда коммерциялық құжатқа қол қойылды

Анкарада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Түрік Республикасына ресми сапары қарсаңында Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы өтті. Түрік еліндегі Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ ұйымдастырған басқосуда сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы жалпы құны $1,7 млрд астам 22 екіжақты құжатқа қол қойылды, деп xабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Түрік Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатиx Донмез, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен 200-ден аса қазақстандық және түрік компанияларының өкілі қатысты.

Қазақстан Үкіметі атынан сөз алған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың өте жемісті әрі қарқынды екенін айта келе, Түркия Республикасының еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері сыртқы саясатта да, экономикалық дамуда да қолдап келе жатқан сенімді серіктесі екенін жеткізді. А. Мамин осында отырған іскер орта өкілдері үшін бүгінгі форум серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері мен болашағына жол ашатынын атап өтті.

Ал, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев түрік бизнесмендеріне елімізде инвестициялық ахуалды жақсарту үшін халықаралық тәжірибе мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының ұсыныстары ескерілген Заң жобасын реформалау үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде айтып берді. Сондай-ақ, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесі мен еліміздің жалпы көліктік әлеуеті туралы да сөз қозғады.

Сапарбек Тұяқбаев биылғы жылдың басынан бері Қазақстанға 70 жаңа жоба бойынша $6,1 млрд қаржыға инвесторлар тартылғанын, ал құны $15,8 млрд болатын 46 жоба бойынша инвесторлар оң шешім қабылдап, қазір құжаттарын дайындап жатқанын жеткізді. Олардың ішінде Yildirim Holding, Yildizlar SSS Holding, Dal Holding сынды ірі түрік компаниялары бар.

Форум барысында екі тарап серіктестікті әрі қарай нығайтып, екі елдің бизнес ахуалын жақсартуды, Қазақстандағы жұмыс тәжірибесін талқылады.
Талқылап қана қоймай жалпы құны $1,7 млрд асқан 22 екіжақты құжатқа қол қойды. Оның үшінде:

• 350 жұмыс орнын ашатын құны $270 млн-ға бағаланған металлургия, шыны және химия өндірісінде қолдану үшін кальций қосылған сода өндіретін зауыт құрылысын жүзеге асыру туралы келісім бар. Жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт жасалды. «Соркөл» және «Сарыоба» әктас кенін өндіру жұмысының дайындығы басталды;
• Жалпы құны $300 млн құраған «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ мен «Eksen Group» арасында Алматы қаласында «Downtown Almaty»атты жаңа қаржылық, әлеуметтік бизнес орталығы құрылысын алып жүру туралы меморандумға қол қойылды. 35 мың шаршы метрді алатын жоба ішінде бизнес орталықтары мен люкс санатты JW Marriot қонақүйі құрылысы 200 мың шаршы метрді құрайды деп жоспарланып отыр.
• Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы құны $20 млн болатын қатты пайдалы қазбаларды геобарлау туралы келісімге «Қазгеология» АҚ мен «Yildirim Holding» қол қойды.
• 700 жұмыс орнын құрумен $200 млн тұратын, Түркістан облысының әкімдігі мен DAL Holding арасындағы жылыжай кешенін салу жобасын жүзеге асыру туралы келісім;
• YDA Holding-пен әлеуметтік нысандарды салу және басқару жобаларын іске асыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум. (Еск.: Холдинг МЖӘ тетігі бойынша жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты);
• 80 жұмыс орнын құрумен $20 млн тұратын, Kazakh Invest пен Betek Boya Kimya арасындағы лак және бояу өнімдерін өндіру жобасын сүйемелдеу туралы меморандум.

Айта кету керек, түрік капиталының қатысуымен іске асырылып жатқан жобалар Қазақстан экономикасының түрлі салаларын қамтиды. Бұл келісімдерді жүзеге асыру ел экономикасының шикізаттық емес секторын дамытуға ықпал етеді және мультипликативті оң нәтиже береді. Мәселен, 3000-нан астам жұмыс орны ашылады, Жамбыл, Қызылорда, Алматы және Қостанай облыстарында тау-кен металлургия, құрылыс материалдары өндірісі, ауыл шаруашылығы, агрохимия және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа зауыттар пайда болады.
Инвесторлар Қазақстан түрік компаниялары үшін өз өндірістерін кеңейтетін және Еуразиялық экономикалық одақтың, Орталық Азия және Батыс Қытайдың нарығына шығудың перспективалық алаңы екенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер