BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

«Қазақстан» РТРК АҚ мен Түркиялық «ТRТ» меморандумға қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары аясында «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен Түркиялық «ТRТ» радиотеледидаркорпорациясы арасында екіжақты өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Екіжақты құжатқа «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин және Түркия Радио Теледидар корпорациясының Бас директоры Ибрахим Эрэн қол қойды.

Меморандумның негізгі мақсаты радио және телевизизия саласында бірлесіп жобаларды жүзеге асыру және тәжірибе алмасу. Меморандум бұқаралық ақпарат құралдарының басым бағыттары бойынша жұмысты нығайтуға және шығармашылық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Жалпы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен ТРТ корпорациясының арасындағы қарым-қатынас бірнеше жылдар бойы тұрақты түрде дамып келеді. Бұл меморандум медиа саладағы екіжақты жұмысты одан әрі жетілдіріп, жаңа серпін беруге септігін тигізеді.

Түркияның басты хабар таратушысы - ТРТ корпорациясы 1964 жылдың 1 мамырында құрылған болатын. Бүгінгі күнде ТРТ корпорациясының құрамына «ТРТ HD», «ТРТ Хабар», «ТРТ Çocuk», «ТРТ-Аваз» және т.б. 10-нан астам түрлі халықаралық, республикалық, аймақтық телеарналар мен радиолар кіреді.

Екі медиақұрылым өз елдерінің ең негізгі ірі хабар таратушысы екенін ескере отырып, екіжақты ынтымақтастық туралы бұл меморандум корпорациялардың жұмысын жаңа деңгейге шығарып, алға қойылған міндеттерді екі жаққа да тиімді етіп жүзеге асыруға ықпал етеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер