USD 334.89 EUR 361.61 RUB 5.28
Астана:

Қазақстанның жалпыұлттық күші ТМД-да екінші орында – Қытай сарапшысы

Қазақстанның жалпыұлттық күші ТМД өңірінде қуаты бойынша екінші орынға көтеріліп отыр. ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қытай халықаралық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Сю Цзянь осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазақстан Орталық Азияда тұрақтылық өзегіне айналып отыр. Соңғы 25 жылда Қазақстан қарқынды түрде дамып келеді. Ішкі жалпы өнім 23 есе артты. Халықтың тұрмыс деңгейі өте жақсарды. Халық басына шаққандағы ішкі жалпы өнім бүгінде 14 мың АҚШ долларына жетіп отыр», - деді ҚХР Сыртқы істер министрлігі жанындағы Қытай халықаралық зерттеулер институты төрағасының орынбасары Сю Цзянь.

Оның айтуынша, Қазақстанның жалпыұлттық күші ТМД өңірінде қуаты бойынша екінші орынға көтеріліп отыр.

«Бірінші кезекте, бұл ел басшылығының мықты жүйесінің арқасында мүмкін болды. Бұл жүйе әлеуметтік тұрақтылық пен тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп отыр. Нұрсұлтан Назарбаевтың мықты президенттік жүйесі тұрақты, әлемдік қауымдастыққа сыйлы мемлекетті қалыптастырды», - дейді Сю Цзянь.

Шетелдік сарапшының айтуынша, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық қарым-қатынастағы белгілі бір кедергілерге, сондай-ақ жүйені трансформациялауға байланысты Қазақстан үлкен экономикалық дағдарысқа ұшырады. Бірақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігінің арқасында Қазақстан командалық экономика жүйесін жойып, біртіндеп нарықтық экономикаға, жекешелендіруге көшірген реформаларды іске асырды.

«Президент жаңа «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын, жаңа экономикалық саясат жариялап отыр. Осылайша Қазақстан 2050 жылға қарай дамыған 30 елдің қатарына енуді мақсат етіп отыр», - дейді ол.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады