BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстанның Түрікменстандағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жандос Әнуарұлы Асанов 1969 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. Алматы шет тілдер педагогикалық институтының ағылшын тілі факультетін тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, Пәкістандағы, Ұлыбританиядағы, Австриядағы, Бельгиядағы Қазақстан Республикасы Елшіліктерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Премьер-Министрінің Кеңсесінде әр түрлі жауапты лауазымдарда қызмет атқарған.

АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры, ЕҚЫҰ Минск қаласындағы офисі басшысының орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

Үш медальмен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер