BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Қазақстандықтардың Түркияда визасыз жүру мерзімі ұзартылды

Астана, BAQ.KZ. Енді қазақстандықтар Түркияда 90 күн бойы визасыз жүре алады. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Түркия президентінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, визасыз режимнің уақыты ұзартылды. Бұған дейін Қазақстан азаматтары Түркияда 30 күнге дейін визасыз қала алатын.

Жаңартылған тізімге Өзбекстан мен Тәжікстан да қосылды.

Қазақстан азаматтары әлемнің 29 еліне визасыз кіре алады. 2018 жылдың ақпанында белгілі болғандай, Израиль, Тайланд, Фиджи, Макао сынды елдерге визасыз режим орнату туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстан тарапы Куба парламенті шешімін де күтіп отыр. Ол жақ аралға да визасыз кіруге рұқсат беру жағын қарастыруда.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер