BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстандық заңгерлер алғаш рет ХТО төрешілер мен медиаторлар коллегиясына қосылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Халықаралық Төрелік Орталығы өзінің төрешілер мен медиаторлар коллегиясын кеңейтуді жалғастыруда. Еуропа, Алматы және Астанадағы Dentons басқарушы серіктесі, Қазақстан заңгерлер қауымдастығы Басқарма кеңесінің төрағасы, Айгүл Кенжебаева ХТО құрамына Төрағасы Барбара Доманның ұсынуымен тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Кенжебаева ханымның заңгер әрі төреші ретінде тәжірибесі 35 жылдан асады. Ол төрелік және дауларды шешу, корпоративтік құқық, энергетика және табиғи ресурстар, МЖӘ және инфрақұрылымдық жобалар, зияткерлік меншік және монополияға қарсы заңнама саласында маманданған. Ол үнемі Сhambers Global және Legal 500 анықтамалықтарында қазақстандық заң сарапшысы ретінде танылады.

“ХТО Қазақстандағы заң құқығының үстемдігін орнатудағы маңызды құрылыс бөлігі болып табылады. ХТО төрешілер мен медиаторлар коллегиясына шақыруы мен Қазақстан заңгері және төрешісі ретінде өз тәжірибемді жетекші төрелік институттар үшін іске асыру мен үшін үлкен құрмет” - дейді Айгүл Кенжебаева.

ХТО төрешісі ХТО төрешілер және медиаторлар коллегиясына Қазақстан Республикасындағы Baker & McKenzie - CIS Limited кеңесшісі Александр Коробейниковты тағайындады. Коробейников мырзаның Қазақстан және Еуропа өңірінде халықаралық төрелік және коммерциялық сот ісін жүргізуде тәжірибесі зор.

“Шетел инвесторлары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығын құру бастамасын қолдайды. Осы инвесторлар АХҚО ұсынатын мүмкіндіктерге, соның ішінде дауларды АХҚО сотында және ХТО-да халықаралық стандарттарға сәйкес шешу үшін жаңа нұсқаларға деген үлкен үміт артады. ХТО тараптарға жайлы төрелік ережелерін қабылдады, сондай-ақ оның Төрағасы Доман ханым ХТО төрешілер және медиаторлар коллегиясына тәжірибелі әрі абыройлы төреші мамандарды тағайындады. Мен үшін осындай төреші мамандар арасында болу үлкен құрмет және мен ХТО қызметтерін қолданатын тараптар үшін жоғары сапалы қызмет көрсету үшін бар күшімді салып жұмыс істеуге уәде беремін." - деп атап өтті Александр Коробейников.

Қазіргі уақытта ХТО тізіміне Қазақстанды қоса алғанда, түрлі юрисдикциялардан 28 тәуелсіз, білікті және беделді халықаралық төрешілер мен медиаторлар кіреді.

"Мен Кенжебаева ханым мен Коробейников мырзаға осы төрешілер және медиаторлар коллегиясына хош келдіңіздер деп айтуға қуаныштымын. Бұл Қазақстан заңгерлер қауымдастығының Астана қаласында коммерциялық дауларды шешу үшін үздік халықаралық төрелік және медиациялық қызметтер көрсету мақсатында жаңа Халықаралық Төрелік Орталығын құру ниетінің айқын белгісі. Біздің жаңа екі төрешіміз ХТО дамыту жолында өздерінің құнды тәжірибесін әкеледі." – деді ХТО төрағасы Барбара Доман.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Желтоқсан 2018, 10:10
Мұхтар ШЕРІМ. МЕН ӘЛІ ҚЫЗБЫН...
Пікірлер