BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 319.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 392.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.63
Астана:

Қазақстанда кәсіби стандарттар жаңадан жасалады

Астанада және Алматыда кәсіби стандарттарды дайындаудың жаңа әдісін оқытуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 70-тен аса стандарт дайындаушы маман тренингтерден және сертификациядан өтті. Әдістемені ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Дүниежүзілік банк қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасының аясында Ernst & Young компаниясы жасап шығарды. Министрлік 2020 жылдың маусымына дейін 550 кәсіби стандартты дайындап, бекітуді жоспарланып отырғнын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Кәсіби стандарттар Ұлттық біліктіліктер жүйесінің ажырамас бөлігі. Бұл стандарттар мемлекетке жұмысшыларды оқыту, сондай-ақ, білім беру мекемелерінде, әртүрлі курстарда, сондай-ақ, тікелей еңбек қызметі кезінде үйренген ресми және бейресми дағдыларды тану сынды мақсаттарды жүзеге асыруға көмектеседі. Кәсіби стандарттар мен біліктіліктер жүйесін ендіру нәтижесінде еңбек нарығы сұранысқа ие кадрлармен толығатын болады», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік серіктестік департаментінің директоры Нұркен Тілеуов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша сертификациядан өткен стандарт дайындаушы мамандар кәсіби стандарттарды дайындауға үстіміздегі жылы кіріскелі отыр. Осы ретте бұл стандарттар ұдайы өзгерістен өтіп отырады. Яғни, құзіретті ұйымдарды ең кем дегенде үш жылда бір рет қайта қарастырып, жаңартып отыратын болады. Өндірістің ұйымдастырылуы, оның ерекшеліктері мен құрылымының өзгеруі, сондай-ақ, еңбек функцияларының, құзыреттіліктер мен біліктіліктер мазмұнының өзгеруіне әкелетін жаңа технологияларды ендіру сынды жағдайлар стандарттарды қайта қарастыру және ауыстыруға септігін тигізеді деп көзделуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер