USD 335.71 EUR 357.36 RUB 5.23
Астана:

Қазақстан Венгриямен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі

Фото: Азамат ӘЛИЕВ

Астанада Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 5-отырыс өтті. Оған ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және Венгрияның ұлттық экономика министрі Михай Варга қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Отырыс барысында Қуандық Бишімбаев елімізде Венгрияның жетекші компаниялары табысты жұмыс істеп жатқандығын атап өтті. Бүгінгі таңда республикада 50-ге жуық бірлескен кәсіпорын тіркелген. Алдағы уақытта олардың саны артуы мүмкін.

Министр Қазақстан мен Венгрия арасындағы экономикалық бйланыстың әлеуеті зор екенін айтты. Сондай-ақ ол екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ықпал ететін уағдаластықтар табысты іске асырылып жатқандығын тілге тиек етті.

«2015 жылы Қазақстан мен Венгрия бірлескен инвестициялық қор құрған болатын. Оның құрамына «ҚазАгро ұлттық холдингі» АҚ кіреді. Қордың ең басты мақсаты – екі мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге қатысты жобаларды қаржыландыру. Бүгінгі мәлімет бойынша қор өз міндетін тиіс деңгейде атқаруда. Бірталай жоба талқыланды. Алдаға уақытта бірнеше жобаны іске қосға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қордағы қаржының көлемі – 20 млн доллар. Сондай-ақ, 10 жылға тартылған инвестициялар бар. Жобалар дайын болса, қордағы ақшаның көлемі ұлғая түседі», - деді ол.

Екіжақты келіссөз барысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен Венгрияның Ұлттық экономика министрлігі арасында халықты жұмыспен қамтамасыз ету саласында өзара түсініктік туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті мен Вегрияның мемлекеттік қазынашылығы ынтымақтастық туралы меморандум жасады.

Қазақстан-Венгрия Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның келесі 6-отырысы Будапеште қаласында өтеді. Басқосудың қай уақытта өтетіндігі алдағы уақытта келісіледі.

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер0

Сіздің пікіріңіздің модерациядан кейін жарияланады