BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 340.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 396.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.39
Астана:

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Атамбаевтың сөзіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевтың сөзіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бүгін Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты кезінде Қазақстан қырғыз халқына өз адамын басшы еткісі келіп отыр деп мәлімдеген еді.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қырғыз БАҚ-тарында тараған 2017 жылдың 7 қазанындағы Қырғыз Республикасының Президенті А. Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі дос мемлекет арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды», - деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.

«Қырғызстан Президентінің сайлау алды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлы байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз», - деп аталып өткен мәлімдемеде.

Сыртқы істер министрлігі сондай-ақ Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолына берік болып қала беретінін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер