BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Фото: Akorda.kz

Астана, BAQ.KZ. Отырыста мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын комиссия Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын белгілеу және жою, награда мәселелері жөніндегі заңдардың жобаларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсыныстарды қарастырады.

Комиссия мүшелері отырыс қорытындысы бойынша марапаттау үшін Мемлекет басшысына ұсынылатын кандидаттарды анықтады.

Мемлекеттік наградалар дәстүр бойынша Тәуелсіздік күні қарсаңында тапсырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер