BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамып келеді

Фото: akorda.kz

Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамып келеді. Екі ел тәуелсіздік алғаннан кейін, алғаш рет 1993 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан-Тәжікстан қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылы Тәжікстанға жасаған ресми сапары барысында қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы шартқа сәйкес дамуда.

Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі іс жүзінде байланыстардың барлық саласын қамтитын 80-нен астам құжаттан тұрады.

2015 жылғы 14 қыркүйекте Душанбеге ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ресми сапары жасалды.

2015 жылғы 15-16 қазанда Тәжікстан Президенті Э.Рахмон ТМД-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесіне қатысу шеңберінде жұмыстық сапармен Қазақстанда болды.

Сонымен қатар, экономикалық саладағы екіжақты қатынастардың тереңдеуіне 2015 жылғы 19-20 наурызда Душанбеде 12-ші отырысы өткізілген Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының қызметі жәрдем етуде.

2015 жылы 19-20 наурызда Душанбеде Комиссияның 12-отырысы өтті.

2016 жылғы 25 тамызда Астана қаласында Қазақстан-Тәжікстан сыртқы істер министрліктері екі ел сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде консультация болды.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары бойынша Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 457,7 млн АҚШ долларын құрады, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9,6% төмендеген.

Қазақстанның Тәжікстанға шығаратын негізгі өнімдері астық, ұн, күнбағыс майы, құрылыс және лактық бояу материалдары, мұнай газы және газ тектес көмірсутегі, мұнай мен мұнай өнімдері.

Қазақстанға шығаратын Тәжікстан тауарларын көкөністер, жемістер, руда және қорғасын, мырыш, мыс концентраттары құрайды.

Тәжікстанда жыл сайын «Экспорт және инвестициялар жөніндегі «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігі» жүйесінде бизнес-форумдар мен саудалық миссиялар өткізіліп тұрады.

«Локомотив құрастыру зауыты» акционерлік қоғамы мен «Тәжікстан темір жолы» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасында ынтымақтастық дамуда. Екі елдің білім саласындағы ынтымақтастығы жыл сайын нығаюда. Әр жылда ҚР азаматтары үшін Тәжікстандағы және ТР азаматтары үшін Қазақстандағы жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік білім гранттары бөлініп отырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер