BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 326 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 382.2 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.29
Астана:

Қазақстан Президенті «Жайық Агро LTD» зауытының жұмысымен танысты

Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тамақ кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мясодел» және «Кублей» брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.

***

«Жайық Агро LTD» кәсіпорны жылына 7200 тонна құс етін өндіреді. Бұл орайда, өнімнің 90 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, ал 10 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер