BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 325.79 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 402.94 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.33
Астана:

Қазақстан мен Әзербайжан бір отбасы мүшесіндей — Ильхам Әлиев

Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ҚР Президентінің Телерадиокешеніне сұхбат берді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Президентінің Телерадиокешені хабарлағандай, жақында ТМД елдері басшыларының қатысуымен деректі фильм жарыққа шықпақшы.

«ТМД елдерінің ел басшыларының қатысуымен деректі фильм дайындығының үстіндеміз. Қатысуға ынтасын білдіргендердің алдыңғы қатарында - Әзербайжан президенті Ильхам Алиев болды. Осы сәтті пайдалана отырып, оқырмандарымызбен су жаңа, әлі ешкім тамашаламаған видеомызбен бөліспекшіміз», - деп жазылған хабарламада.

Осы орайда Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев ҚР Президентінің Телерадиокешеніне сұхбат берді.

«Маған Нұрсұлтан Әбішұлымен әңгімелескен өте ұнайды. Мен өзім оны қатты сыйлаймын. Ол - біздің ақсақалымыз. Оның әкем Гейдар Әлиевпен өткізген әңгімелесулері, кездесулері менің есімде. Оларды достық қарым-қатынас байланыстырды. Сол дәстүр жалғасып келе жатқанына қуаныштымын. Сондай-ақ, қарапайым адам ретінде Нұрсұлтан Әбішұлымен тілдескен өте әсерлі. Бакуде өткен соңғы кездесу де, ресми шараларда да, бейресми жиында да біз бір отбасының мүшесі сияқты отырып әңгімелестік», - дейді Ильхам Әлиев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер