Каспийге қатысты мәселені шешуге бес мемлекет бірдей жоғары күш салады – сарапшы - Саясат|10 Тамыз 2018, 11:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 414.25 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.44
Астана:

Каспийге қатысты мәселені шешуге бес мемлекет бірдей жоғары күш салады – сарапшы

Фото: интернеттен

12 тамызда Ақтауда өтетін Мемлекет басшыларының саммиті Каспий теңізінің мәртебесін анықтайтын шешуші шара болмақ. Барлық бес елдің дипломаттардың күшін сарқитын бейнетті жұмыс соңына таяп келе жатыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары, с.ғ.к. Санат Көшкімбаев Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

Ол 25 жылдың ішінде Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан үшін халықаралық құқықтың әртүрлі механизмдері арқылы Каспийді бөлудің бірнеше нұсқасы ұсынылғанын атап өтті.

«Биыл қол қоюға дайындалып жатқан Конвенция нұсқасы әділдік қағидасына негізделеді. Барлық тарап келіссөздер барысында өз позицияларын қайта қарайды, дегенмен бұл бәтуаға келу үшін қажетті болып отыр. Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау мен Конвенцияны қабылдау барлық бес Каспий маңы елі үшін өз құзыретінде және көп қырлы деңгейде мұнай және газ кен орындарын дайындау, энергоресурстарды транзиттеу (соның ішінде Каспий теңізінде құбыр өткізу төсемдері), биоресурстарды пайдалану секілді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Әрине, мемлекеттерге қабылданған құжат негізінде шешуге болатын мәселелер қатары қала бермек, бірақ мұны істеу әлдеқайда оңай болмақ» , - деді Көшкімбаев.

Сарапшы Каспий теңізінің мәртебесін анықтау бойынша келіссөздер процесінде халықаралық теңіз құқығы нормаларына жетекшілік ете отырып Қазақстанның әрдайым конструктивтік позицияда тұрғанын мәлімдеді.

«2007 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Каспий зонасының 25 теңіз милін мемлекеттік шекара деп санап, осы шекарадан алыстағы бос теңізді ортақ пайдалануға қалдырып, ал теңіздің түбін сектор бойынша бөлуді ұсынды. Шынында, Конвенция жобасында кейбір ескертпелермен осы қағидаларға негізделген шешімдер ұсынылмақ», - деді ҚСЗИ директорының орынбасары.

Оның айтуынша бүгінде Қазақстан көршілерімен бірге теңіз түбін белгілеу процесін аяқтады (РФ-пен бірге шартқа 1998 жылы қол қойылды, Әзербайжанмен 2011 жылы, ал Түрікменстанмен 2014 жылы). Дегенмен бұл процесс толықтай аяқталуы үшін Қазақстан, Түрікменстан және Әзербайжан арасындағы шекаралардың түйіскен жері туралы келісімге қол қоюды талап етеді; теңіздің түбін делимитациялау бойынша соңғы келіссөздер әлі жалғасып жатыр.

«Қазақстан өз тарабынан Каспийге қатысты мәселелерді шешуге жоғары күш салады, соның ішінде бес елдің келіссөздер процесінде позицияларын жақындастыруға жәрдемдесу болып отыр. Қазақстан алғашында Каспий теңізін қарусыздандыруды жақтады. Сол кезде Каспий бойынша екі серіктес Ресей мен Иран өздерінің әскери қатысуларын сақтап қалуға тырысты. Олар мұны «үшінші елдің» ұлттық мүдделерінен, террористік қауіп-қатерлерден, қаруланған шиеленістер ошағы бар аймақтан қорғау қажеттігі деп түсіндірді. АҚШ-пен серіктестік басқа кез келген әріптестермен Қазақстанның Каспий бойынша позициясына ешқандай әсер етпейді; Иран мен Ресейдің қауіптенуі тіпті негізсіз еді, себебі АҚШ пен НАТО дәл сондай транзиттік қызметтерді соңғы рет 2014 жылға дейін көрсетті», - деді ол.

Көшкімбаев Ресей мен Иранның қандай да бір дәлелі болмаса да Конвенцияны қабылдау процесін тездету мақсатында Қазақстан қос мемлекеттің бәтуаға келуі үшін барынша күш салатынын атап өтті.

«Каспий теңізінде орнатылатын режимнің құқықтық шеңбері бестіктің серіктестік орнатуына және әрі қарай, тіпті транзиттік және қазіргі уақытта даулы болып отырған кен орындарын құру сияқты Каспийдің қарқынды қызметіне себеп болмақ. Бұдан бөлек, биоалуантүрлілікті қорғау процесі реттелетін болады. Экономикалық сұрақтар легі мен Каспий теңізінде жүзу проблемалары Каспийдің мәртебесін біржола анықтауды күтеді және Конвенцияға бес тараптың қол қойып, ратификациялауынан соң шешілетін болады. Сондай-ақ, Қазақстан тарабында Еділ арқылы мен Қара теңізге шығатын «Еуразия» кеме жүзетін арнаның құрылысы және Иран арқылы темір жол және автотранспортпен Парсы шығанағына шығу сияқты бірнеше ұсыныс бар. Көлік бағыттарын әртараптандыру мен транзиттік әлеуетін арттыру – Қазақстан үкіметінің негізгі міндеттерінің бірі болып отыр. Каспий мәселесін реттеу Қазақстанға әлемдік мұхитқа шығуға мүмкіндік беретін баламалы маршруттарды табуға мүмкіндік береді. Соның ішінде Иран аумағы арқылы тараптарға тиімді болмақ», - деп сөзін түйіндеді ол.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер