BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстан делегациясы Варшавада ЕҚЫҰ-ның адами өлшем жөніндегі кездесуіне қатысты

10-21 қыркүйек аралығында Варшава қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының Адами өлшем саласындағы міндеттемелердің орындалуына шолу жөніндегі дәстүрлі жиналысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аталған іс-шараға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы 57 елдің делегациялары, халықаралық құқық қорғау және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып отыр.

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәсілихатында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияров осы жиынға арнайы тоқталды.

"Мәжілістің бірінші аптасының күн тәртібі демократиялық институттардың, соның ішінде ұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейлерде, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аймағында демократиялық және ашық сайлау өткізуге, бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, жиналыстың бірінші аптасының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылып, бұл тақырып бойынша әріптес елдердің тәжірибесімен танысты" - деді ол.

Сонымен қатар Смадияров жиын барысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізінде 2013 жылдан бастап тұрақты жұмыс істейтін «Адами өлшем жөніндегі үн қатысу алаңы» - Консультативтік-кеңесші органын құру тәжірибесі көрсетілгенін атап өтті.

Бұл органның негізгі қатысушылары қатарына құқық қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың басшылары кіреді.

Варшавадағы мәжіліске қазақстандық азаматтық қоғам өкілдері де белсенді қатысуда. Олар өз бастамашылығымен форум алаңдарында жиналыстың күн тәртібіне сәйкес тақырыптарға арналған бірқатар іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер