BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 368.28 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.21 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропаға биыл 508 пойыз жөнелтілді

Астана, BAQ.KZ. Шанхайда Қазақстан аумағы арқылы ҚХР – ЕО – ҚХР бағыты бойынша контейнерлік тасымалды дамыту талқыланды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың 5-6 қарашасында Шанхайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев ҚХР ірі көліктік-логистикалық компаниялары мен бірқатар провинция жетекшілерімен кездесті.

COSCO Shipping Corporation Limited бас директорының орынбасары Суй Цзюнеммен және Ляньюган портының президенті Чжу Сянянмен болған келіссөздер барысында халықаралық логистикалық желісіне қазақстандық транзиттік дәлізді интеграциялау және жаһандық логистикалық қызмет көрсету архитектурасының бөлігіне айналған, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ портын дамыту жөніндегі ыңтымақтастықтың нәтижелілігі атап өтілді.

2018 жылдың басынан Құрғақ порт арқылы 102,2 мың ЖФЭ артылса, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 36% артық.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Ресей – Қытай; Қытай – Орталық Азия елдері – Қытай; Транскаспий бағыты бойынша оларды ары қарай бірлесе пайдалану үшін контейнерлік активтерге инвестициялау мен контейнерлік операторларды құру мәселелерін қарастыруды ұсынды.

«Біздің әріптестігіміз Түркия, Кавказ, Өзбекстан және Түрікменстан бағыттарына тасымал географиясын кеңейту және тарифтерге ықпал жасау мен географиялық қатысу тұтқасы есебінен трансқұрылықтық транзиттік тасымалдарға бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап кетті Алпысбаев.

Қазақстан аумағы арқылы Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту ыңтымақтастығының перспектвалары және қазіргі жағдайы туралы Сиянь қаласы логистикалық платформасының басшысы Сун Именмен, Сиянь қаласы Қалалық комитетінің хатшысының орынбасары Гао Гаомен, Хунань (Чанша қ.) провинциясы губернаторының орынбасары Хэ Баосянмен және Чэнду қаласының мэрі Лю Сяолюмен болған кездесулерде кеңінен талқыланды.

Тараптар ҚХР контейнерлік тасымалдардың ЕО елдеріне және керісінше бағытта артып отырғандығының оңды динамикасын атап өтті. 2018 жылдың 10 айында аталған бағыт бойынша 508 пойыз (20 862 ЖФЭ) жөнелтілсе, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге көп.

Шанхайда болған кездесулерде сондай-ақ Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы жаңа әлеуеті зор бағыттарды дамыту мәселелеріне екпін берілді.

Қазақстан арқылы құрғақ бағыттарды, соның ішінде аралас тасымалдарды пайдаланудағы жаңа көліктік өнімдерді әзірлеу «East Asia «Nippon Express» (China) тобының бас менеджері Сугия Тацуомен болған кездесуде сөз етілді. Соңғы екі жыл ішінде Ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, ал жапондық жүкжөнелтушілер үшін таныстырылым сенминарлары өткізілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Агенттік келісім-шартқа қол қойылды. Құжат Қазақстан аумағы арқылы Жапония мен ЕО, ОА, ТМД елдері арасындағы жүктерді контейнерлермен жеткізу мен тасымал көлемін арттыру және ыңтымақтастықты нығайтуға бағытталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер