BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 374.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.43 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Қауіпсіздікті күшейту үшін бірігіп жұмыс істеуіміз қажет – Қайрат Омаров

Кеше АҚШ-та БҰҰ-ның жанындағы Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Нью-Йорк қаласында Қазақстанның төрағалығымен Батыс Африкада бейбітшілікті нығайту мәселелеріне арналған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық брифингі және жабық консультациялары өтті. Жиын барысында БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі және БҰҰ Батыс Африка кеңсесі мен Сахельдің (ЮНОВАС) басшысы Мохаммед Ибн Чамбас 2018 жылдың екінші жартысында өз кеңсесінің қызметі туралы брифинг өткізді.

Сөз кезегінде Мохаммед Ибн Чамбас аймақтағы көптеген елдің, соның ішінде Либерияның, Гамбияның, Кот-д'Ивуардың, Буркина-Фасаның және т.б. көптеген саяси және экономикалық жағынан табысты өзгеріс орын алғанын атап өтті. Ал негізгі мәселеге айналған терроризмнің, трансұлттық қылмыспен байланысты аймақтағы тұрақтылық үшін негізгі қауіпі бар екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, тұрақсыздықтың басқа да елде кедейлік, жұмыссыздық және білім деңгейінің төмендігін сөз етті. Осыған байланысты Чамбас халықаралық қоғамдастыққа осы проблемаларды шешу үшін жоғарыда аталған аймаққа көмек беруге шақырды.

«Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шараларын ұзақ мерзімді тұрақты қаржыландырудың арқасында экономикалық дамудың интеграцияланған және келісілген түрде ықпалдасуымен бірге жүзеге асыруымыз керек», - деді жиынға қатысып отырған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Қазақстандағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров.

Делегаттар Батыс Африка елдерінде терроризм қаупі өршіп кете ме деп уайымдап отыр. Ал бейбітшілік пен қауіпсіздіктің трансшекаралық қауіп-қатерлерін шешу үшін аймақтық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға шақырды. Спикерлер Африканың батыс өңіріне гуманитарлық жағдайға алаңдаушылықтарын білдіріп, халықаралық серіктестерді жүйелі түрде көмек көрсетуге шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер