Иран елшісі Каспий саммитіне қатысты пікір білдірді - Саясат|08 Тамыз 2018, 14:14
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Иран елшісі Каспий саммитіне қатысты пікір білдірді

Фото: Автор

Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилу 12 тамызда Ақтауда өтетін Каспий маңы елдерінің V саммитіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Самитте 5 мемлекеттің басшысы кездеседі. Мұнда Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция қаралады. Бұл құжатпен тараптар 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеген. Аталған конвенцияда Каспий маңы елдерінің ұстанымдары, міндеттері көрсетілген», - деді елші Ақордада.

Осы орайда ол Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қатысты Иранның ұстанымына тоқталды.

«Мұнда тараптар бірін-бірі құрметтеуі керек. Сондай-ақ Каспий маңы елдерінің мүдделері ескеріліп, тараптар теңіздегі биоресурстар сақтап, оны тиімді игеруі қажет. Сонымен қатар тараптар Каспийдегі қауіпсіздікті сақтауы керек. Олар қауіпсіздікке қатер төнетін кез-келген әрекетке қарсы шара қолданылуы шарт. Алайда аталған мәселеде Каспий маңы елдері бір позицияны ұстанады», - деп түйіндеді сөзін Можтаба Дамирчилу.

Айта кетейік, осыған дейін Иран Қазақстан үшін виза алу тәртібін жеңілдеткенін хабарлағанбыз.

Сонымен қатар бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Можтаба Дамирчилумен кездесті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер