BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

Халықаралық «Канал-Красный бархан» операциясы: қанша есірткі тәркіленді?

Бүгін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) мүше-мемлекеттерінің есірткіге қарсы күрес бөлімшелері, сонымен қатар Иран Ислам Республикасы мен Қытай Халық Республикасының қатысуымен Халықаралық «Канал-Красный бархан» есірткіге қарсы операциясы аяқталды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушы-елдер құқық қорғау органдарының өзара бірлескен әрекеттерін үйлестіру Шымкент қаласында орналасқан Халықаралық штабы арқылы жүзеге асырылды.

Операцияға 22 мыңнан астам құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Бұл операцияны өткізу барысында Еуропалық Одақ, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Қылмыстық кірістерді және терроризмді қаржыландыруды заңдастыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ, БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі Өңірлік басқармасы, ОАӨАҮО халықаралық ұйымдардың қызметкерлері бақылаушы міндетін атқарды.

«Канал-Красный бархан» операциясының негізгі міндеттері – апиын контрабандасы арналарының жолын кесу, трансұлттық есірткі топтарының қызметіне, есірткі кірістерін заңдастыруға тосқауыл қою, заңсыз айналымдағы қару-жарақтар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды тәркілеу болып анықталды.

Операцияның осы негізгі міндеттерінің қатарына Қызылорда облысында қарасораны заңсыз өсіруге және Жамбыл облысында жабайы қарасораны дайындауға қарсы күрес шаралары енгізілді.

Операция барысында брондалған 4 «Тигр» автокөлігі, «Багги» сыныбына жататын 6 бірлік, жүріп өту мүмкіндігі жоғары 15-тен астам автокөлік, МИ-171Е тік ұшағы іске қосылды.

Арнайы операция шеңберінде ІІМ «Дельта-Долина» бөлімшесінің аумағында Қазақстан және Қырғызстан ІІМ кинологиялық қызметтерінің бірлескен жаттығулары, қызметтік-іздестіру иттерінің көрнекі өнер көрсетулері өткізілді.

Операция нәтижесінде қатысушы-мемлекеттер аумағында заңсыз айналымынан 9 тонна есірткі, оның ішінде 5 тонна апиын, 38 кг героин, 2 тонна синтетикалық есірткілер, 800 кг гашиш және 830 кг марихуана тәркіленді.

115 бірлік қару-жарақ, 2,5 мыңға таяу оқ-дәрілер, 127 мың АҚШ доллары көлемінде бағалы материалдық заттар мен басқа да заттар тәркіленді.

719 есірткі қылмысы ашылды, 7 мыңға таяу қылмыстық іс қозғалды. Заңсыз әрекеттері үшін 500 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер