BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

ЕО Орта Азиямен қарым-қатынасты дамытудың 2027 жылға дейінгі жоспарын бекітпекші

Фото: ҚР СІМ

Астана, BAQ.KZ. Халықаралық қатынастар жөніндегі Еуразиялық кеңес Еуроодақтың Орта Азия бойынша жаңа стратегиясына ұсыныстарын жариялады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Ұлыбританияға сапары қазақстандық делегацияның Халықаралық қатынастар жөнінде Еуразиялық кеңестің (ХҚЕК) 5-ші отырысына қатысуымен аяқталды. Кеңес отырысы Еуроодақтың сыртқы байланыс бойынша бұрынғы жоғары комиссары және ХҚЕК Консультативтік кеңесінің қазіргі төрайымы Бенита Ферреро-Вальднердің басшылығымен өтті.

«Өздеріңіз білетіндей, қазан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельдегі АСЕМ саммитінде сөз сөйлеп, халықаралық аренадағы сенім және диалог дағдарысы жайында алаңдаушылығын білдірген еді. Осында жиналған беделді еуропалық саяси қайраткерлерге Президентіміздің өзара сенімді арттыру шараларын нығайту және Астанада алдыңғы қатарлы әлемдік державалар көшбасшыларының кездесуін өткізу жайлы бастамасын егжей-тешжейлі талқылауды ұсынамын», – деді Р. Василенко отырыста.

Қазақстандық дипломат кездесуге қатысушыларды Орталық Азия мемлекеттері арасындағы және аталған елдер мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың жағымды динамикасы туралы, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы жөнінде Астананың бірқатар жалпы ұстанымдары туралы хабардар етті. Сонымен қатар, өзара байланыс пен логистикаға, жеке кәсіпкерлікті дамытуға (әйелдер кәсіпкерлікті қоса алғанда), заң үстемдігін нығайтуға назар аудару жөнінде ұсыныстар айтылды. Оған қоса стратегияны неғұрлым құрылымдалған және жүйелі ұсыну бойынша, онлайн-кеңістікте аталған құжат пен барлық тиісті ақпаратты насихаттау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Отырыс нәтижесінде ХҚЕК-тің Еуроодақтың Орта Азия бойынша жаңа стратегиясына ұсыныстар қамтылған арнайы баяндамасы таныстырылды. Аталған стратегия 2019 жылдың бірінші жартысында қабылданады деп күтілуде. Баяндамада БҰҰ, ЕО, ЕҚДБ, бірқатар университеттер, т.б. беделді ұйымдар ұсынған материалдар негізге алынды. Құжатта ЕО-ға Орта Азиямен қарым-қатынасты дамытудың 2020-2027 жылдарға арналған бағдарламасында мақсатты әрекеттерді іске қосуға қатысты практикалық ұсыныстар бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер