BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 363.26 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 420.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Елбасының ұсыныстарын жүзеге асыруға қоғамдық мониторинг жүргіземіз - Әшімбаев

Бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында көрсетілген басымдықтарға тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Елбасы Жолдауында қоғамымыздағы соңғы кезде көтеріліп жүрген ең өзекті әлеуметітк мәселелер қамтылған және Елабсы соларды шешуге байланысты нақты шаралар ұсынып отыр. Атап айтсақ, қоғамымызда соңғы кезде талқыланып жүрген мәселелердің бірі – халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс жағдайын әрі қарай көтеру, баспанамен қолжетімділк қамтамасыз ету, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылықта жиналып қалған мәселелерді шешу, тарифтерді реттеу, сонымен қатар халықтың көтеріп жүрген мәселелердің бірі облыстың ішіндегі жолдарды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік мәселесі. Осы мәселелерді шешу үшін Елбасымыз нақты ұсыныстарды енгізіп отыр және бүгінде ұсыныстары жүйелі сипатқа ие деп айтуға толық негіз бар. Мысалы ең төменгі жалақыны 1,5 есе көбейту миллиондаған қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін әрі қарай жақсартуға оң әсерін тигізетін шара екені түсінікті. Медицина саласына, білім беру саласына да бөлінетін қаражаттар игерілетін болады», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

Ол Елбасы Жолдауында әлеуметтік жаңғырудың негізгі басымдықтарын анықтап бергенін атап өтті. Бұл басымдықтарды жүзеге асыру Қазақстанды өмір сүру деңгейі жағынан әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қосуға жұмыс істейтін болады.

«Біріншіден, барлық саяси күштер, қоғамдық күштер, мемлекеттік емес ұйымдар Елбасының көтерген ұсыныстарын халыққа түсіндіру мақсатында күштерін біріктіруі керек. Екіншіден, біз бәріміз, басқа саяси партиялар бар, мемлекеттік емес ұйымдар бар Елбасының ұсыныстарын жүзеге асырудың тиімді тетіктерін талқылап, Үкіметпен бірге оларды жүзеге асыруға үлесімізді қосуды жоспарлап отырмыз. Үшіншіден, басқа саяси партиялармен, мемлекеттік емес ұйымдармен әрі қарай да Елбасының ұсыныстарын жүзеге асыруға қоғамдық мониторинг жүргізетін боламыз. Жалпы Елбасының ұсыныстарын барлық негізгі саяси қоғамдық күштер қолдап отыр деп айтуға толық негіз бар. Бүгінгі демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының жиналысы соны дәлелдеп отыр. Елбасы Жолдауы халықтың әл-ауқатын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған. Бәріміз бірігіп Елбасының ұсыныстарын, Жолдауда көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға күш салуымыз керек. Қоғам боп бірігіп нақты істерді жүзеге асыруымыз керек», -деп сөзін түйідеді Әшімбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазан күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер