BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 366.86 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.6
Астана:

ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы қызметіне 20 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті.

Конференция барысында екі жақты ынтымақтастықтың 20 жылдығына орай жаһандық әлемдегі ЕҚЫҰ-ның рөлін және оның Қазақстан Республикасымен өзара ықпалдастығы мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметі.

Басқосуды ашқан Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова конференцияға қатысушыларға Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.

«2010 жылы осы беделді ұйымды басқарған және бүгінде оның жұмысына белсенді атсалысып келе жатқан мемлекет ретінде біз үшін бұл оқиғаның маңызы зор. ЕҚЫҰ-ға төрағалығымыз өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне үлес қосуға, Ұйымды басқару үшін сенімге, сабақтастыққа, ашықтық пен төзімділікке негізделген жауапты көзқарас танытуға мүмкіндік берді. Қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар трансформациясы жағдайында ЕҚЫҰ қауіпсіздіктің жаңа архитектурасының негізгі элементінің бірі болып қала беретіні айтылған», - делінген құттықтау хатта.

Іс-шараға ЕҚЫҰ бас хатшысы Т.Гремингер, Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Президент Кеңсесінің бастығы М.Қасымбеков, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, дипломатиялық миссияның, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың, жоғары оқу орындарының, азаматтық қоғамның өкілдері қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер