BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

Екі жылда Қазақстанға Ресейден келетін туристер саны екі есе артты

Фото: автор

Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының ХV форумы аясында пленарлық сессиялар өз жұмысын бастады. Шетелдік делегаттардың қатысуымен «Туризм саласын дамытудағы кәсіпкерліктің рөлі» атты іскерлік кеңесі өтті.

Алқалы жиында шекарасыз туризм – бірыңғай кеңістік құру, аталған саланы дамытудағы сандық технологиялар, өндірістік туризм сынды мәселелер қарастырылды.

«Статситикалық мәліметтерге сүйенсек өткен жылы Қазақстанға 1 млн 700 мың ресейлік турист келген. 2017 жылдың наурыз айында біз Мәскеуде өткен халықаралық туристтік көрмеге қатыстық. Онда біз шытырманға толы әрі қызықты бағдарламалары бар белсенді демалыс түрлерін таныстырып, тың жобалар ұсындық. Жалпы айтқанда болашақта бірлесіп атқаратын жұмыс өте көп. Сонымен қатар басты мәселе – көлікке қолжетімділік. Ресей мен Қазақстан қалаларының арасында тікелей байланыс орнату мәселесін шешу», - деді сессияға қатысқан «Kazakh Toursim» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Ресейдің Новосібір облысынан келген меймандар өз өңірлерінің туристтік әлеуеті жайлы айтты. Қонақтардың пікірінше Петропавл мен Новосібірдің табиғаты, климаты, дәстүрі мен мерекелерінің ортақ ұқсастықтары өте көп.

«Новосібір облысының Ресей аумағында лайықты орыны бар. Біз қонақтарымызға қызықты әрі жаңа демалыс бағыттарын ұсанамыз. Сонымен қатар Новосібір облысы Павлодармен шекаралас. Павлодар қаласымен ынтымақтастық жайлы келісіміміз бар. Көп жылдан бері мәдени, сауда-саттық салада бірге жұмыс істеп келеміз. Біздің тұрғындар сіздердің сүт, көкөніс секілді өнімдеріңізді тұтынады. Екі ел арасында экономикалық, сауда-саттық байланыс та орнаған. Болашақта әріптестігіміз дами түседі деген ниеттемін», - деді РФ Новосібір облысының өнеркәсіп, сауда-саттық және кәсіпкерлікті дамыту министрінің міндетін атқарушы Николай Симонов.

Форумда медициналық туризмнің дамуы да әңгіме өзегіне айналды. Қазақстан клиникаларына жыл сайын әлемнің 45 мемлекеттерінен медициналық турист келеді. Шетелдіктердің 90 пайызы – ТМД елдерінің өкілдері. Атап айтар болсақ, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен. Қалған 10 пайызы Қытай, Түркия, Иран және тағы басқа елдерден. Форумда айтылғандай, Қазақстан медициналық қызмет көрсету аясын шекаралас елдер нарығына шығуға бағыттамақ.

«Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қазақстанда емдік шараларын жасайтын барлық шипажайлар таныстырылып жатқанын көріп қуанып қалдым. Өзіміздің емделушілерге ауыз толтырып айта аламыз. Және шет елдерде емес, Қазақстанда демалатын, емделетін орындардың көп екеніне тағы бір көзімді жеткіздім», - дейді Петропавл қаласындағы 3-ші қалалық емхананың бас дәрігері Әлия Тәшетова.

Туризм саласының дамуы – мемлекетіміздің экономикасына оң серпіліс берері анық. Форумға қатысушылар маңызды оқиға Қазақстан мен Ресейдің осы саладағы жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашатынына сенім білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер