BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.49 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 421.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.54
Астана:

Дарын Тұяқов Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

Дарын Тұяқов Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл жайлы мәлімет ҚР Премьер-министрі сайтында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Дарын Тұяқов 1969 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында туған.

1990 жылы Ю.В.Андропов атындағы ӘШҚ Ленинград жоғары әскери-саяси училищесін, 1997 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ді, 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы РФ президенті жанындағы РХШжМҚА-ны заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘШҚ Радиотехника әскерлерінің жеке радиолокация ротасы командирінің орынбасары қызметінен бастады. Қорғаныс министрлігі, Әділет министрлігі, Алматыдағы коммерциялық құрылымдар мен «Қазақтелеком» АҚ-та қызмет етті.

Тағайындауға дейін «Қазақтелеком» АҚ Бас директоры – аппарат басшысы қызметін атқарған.

«Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарімен марапатталған. Саланың дамуына қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» атағын иеленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер