BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 364.95 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.99 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.55
Астана:

БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын жылжыту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Фото: СІМ баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ Орнықты даму мақсаттарын жылжыту бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен БҰҰ қамқорлығымен қабылданған Орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) Қазақстанда алға жылжыту жөніндегі «Серіктестік» Жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Кездесуде сөз сөйлеген Сыртқы істер министрлігінің басшысы барлық қатысушыларды белсенді жұмыс істеуге шақырып, ОДМ-ның Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарымен толық сәйкес келетіндігін және тиісінше ОДМ-ға қол жеткізу Елбасының бастамаларын жүзеге асыруға тікелей септігін тигізетінін ерекше атап өтті. ОДМ-ды іске асыру Қазақстанның әлемдегі дамыған елдердің қатарына кіру қадамдарының табыстылығының көрсеткіші болмақ.

Барлық 17 Орнықты даму мақсатының бірегейлігі ерекше аталып, оларға қол жеткізу үшін барлық елдер - кедей, бай және орта табысы бар елдер болсын бірге жұмыс істеу қажеттілігі айтылды. Ең алғашқы қатарға келесідей басты міндеттер қойылады: кедейлікті жою, экономикалық өсуді ынталандыратын стратегияларды іске асыру, адамдардың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, жұмысқа орналасу сияқты әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, климаттың өзгеруіне байланысты проблемаларды шешуге және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған стратегияларды іске асыру.

Іс-шараға қатысушылар Орнықты даму мақсаттарын Қазақстанда алға жылжыту, сондай-ақ 2019 жылдың шілдесінде Нью-Йоркте БҰҰ-ның Жоғары деңгейдегі саяси форумында Қазақстан ұсынатын Ерікті ұлттық шолуды дайындау мәселелерін талқылады.

Іс-шараға Қазақстанның мүдделі мемлекеттік органдары, халықаралық ұйымдар, БҰҰ Даму бағдарламасы, ЮНИСЕФ, БҰҰ Әйелдер, Еуропалық Одақ, Дүниежүзілік банкі, Азия даму банкі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу институттары мен азаматтық қоғам ұйымдарының өкілдері қатысты.

«2030 жылға дейінгі орнықты дамудың күн тәртібі» деген атпен танымал Орнықты даму мақсаттары Мыңжылдық даму мақсаттарының орнына келіп, болашақ халықаралық ынтымақтастығы үшін мақсаттар жиынтығы болып табылады. ОДМ-ға 2030 жылға дейін қол жеткізу жоспарлануда.

ҚР Үкіметі жанында ОДМ-ды Қазақстанда табысты іске асыру мақсатында 5 бағыт бойынша келесідей ведомствоаралық жұмыс топтары құрылды: «Адамдар», «Планета», «Өркендеу», «Әлем» және «Серіктестік». ҚР Сыртқы істер министрлігі «Тұрақты даму үшін ғаламдық әріптестігінің» 17-ші мақсаты бойынша жұмыс тобының үйлестірушісі болып бекітілген. Ұлттық деңгейде бұл маңызды жұмыстың үйлестірушісі - ҚР Ұлттық экономика министрлігі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер