BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 371.31 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.32 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.59
Астана:

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның қатысуымен бірқатар маңызды шаралар өтеді

17-20 қыркүйек аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шеңберінде Қазақстанның қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі А.С. Смадияров Астанада өткен брифинг барысында айтты. Оның айтуына қарағанда:

- 17 қыркүйекте - Ауғанстандағы жағдайға және БҰҰ-ның Ауғанстандағы көмек көрсету миссиясына қатысты пікірталастар;

- 18 қыркүйекте - Сириядағы гуманитарлық және саяси жағдай жөніндегі брифинг;

- 20 қыркүйекте - Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі бойынша брифинг өтеді.

"БҰҰ алаңында өтетін бұл оқиғалардың барлығын, соның ішінде Қазақстан делегациясының сөйлеген сөздерін БҰҰ Хатшылығының веб-телеарнасы арқылы онлайн режимінде көруге болады. Кездесулер БҰҰ-ның барлық ресми тілдерінде көрсетіледі" - деді СІМ ресми өкілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер