BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.3 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Бүгін Қырғызстанда түркі тілдес мемлекеттердің Экономика министрлері кездеседі

Астана, BAQ.KZ. Қырғызстан Экономика министрлігінің мәліметіне қарағанда, бұл жиын сегізінші рет өткелі отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Венгрия, Әзербайжан және Түрік кеңесі хатшылығының өкілдері қатысады деп жоспарланған.

Жиын барысында мемлекеттер арасындағы инвестициялық жағдайды жақсарту, сауда және іскерлік бағыттарда өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар, биылғы қыркүйек айында мемлекет басшыларының қатысуымен өткен Ыстық көл саммитінде айтылған мәселелердің атқарылуы да осы жиында сөз болады.

Ал кеше, яғни 16 қазанда Бішкекте аталған мемлекеттердің экономикалық қатынастары бойынша жұмыс тобының оныншы отырысы өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер