Бүгін бес ел президенттерінің қатысуымен Ақтау саммиті өтеді - Саясат|12 Тамыз 2018, 09:39
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 360.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 410.27 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.4
Астана:

Бүгін бес ел президенттерінің қатысуымен Ақтау саммиті өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Ақтауда Каспий маңы мемлекеттерінің бесінші саммиті басталады. Қазақстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Ресей және Иран мемлекеттерінің президенттері қатысатын бұл шара шаһарда жаңадан салынған «Достық үйінде» өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, Ақтауда өтетін Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылады деп күтілуде. Құжат теңіз акваториясын, Каспий теңізі түбін бөлуге, биоресурстарды қорғауға, балық аулауға, сонымен қатар Каспий түбімен құбыр тартуға қатысты ережелерді қамтиды.

Айта кетейік, 11 тамыз күні Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабын таныстыру шарасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 12 тамызда өтетін Каспий маңы мемлекеттерінің Ақтау саммитіне қатысты пікір білдірген болатын.

«20 жыл төңірегінде біз көптеген келіссөз жүргіздік, Каспий теңізіндегі біздің жалпы жұмысымыз бойынша барлық сұрақты шешу үшін ұстанымдарымызды келісе білдік. Бұл - кеме қатынасы, бұл - ресурс, бұл - биологиялық ресурстардың сақталуы және осы елдердің сауда ынтымақтастығы. Бүгін барлық сұрақ келісілді деп айта аламын. Біз ертең тарихи шешім болады деген ойдамыз. Бұл - барлығымыз үшін маңызды сәт», - деді Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер