BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 352.54 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 415.15 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.31
Астана:

Биыл тұңғыш рет «Қазақстан – Өзбекстан» аймақаралық форумы өтеді

Бүгін Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевты қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Н. Нығматулин мейманды елшілік қызметінің басталуымен құттықтап, оның мемлекеттік қызметтегі мол тәжірибесі біздің елдеріміз арасындағы әріптестектікті одан әрі нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мәжіліс спикері атап өткендей, Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі.

Бүгінде қос ел президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеевтің өзара түсіністік пен тату достыққа негізделген бірлескен іс - қимыл нәтижесінде көпқырлы ынтымақтастықты жоғары деңгейде дамытуға қол жеткізілді.

Палата төрағасы аймақтық және шекаралық әріптестіктің даму деңгейіне көңіл бөліп, осы жылы тұңғыш «Қазақстан – Өзбекстан» аймақаралық форумы өтетінін, ол екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ықпалдастыққа жаңа серпін беретінін атап өтті.

Кездесу барысында мәдени салаға да айрықша назар аударылып, осы ретте С. Ниязходжаев екі елдің уақыт сынынан өткен тарихи тамырластығын алға тарта келіп, екі ел басшыларының өткен жылғы мемлекеттік іс-сапарлары екіжақты қарым-қатынастың жаңа белесін бастағанын айтты.

Тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

Осы орайда Мәжілісте құрылған Өзбекстанмен ынтымақтастық жөніндегі және Олий Мәжілістегі Қазақстанмен достық топтары екіжақты, соның ішінде, парламентаралық байланыстарды тереңдетуде ықпалы зор екендігі және олардың әлеуетін белсенді пайдалану керектігі айтылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер