BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 367.06 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 416.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.56
Астана:

«Бәйтерек» холдингінің жаңа төрағасы тағайындалды

Айдар Әріпханов «Бәйтерек» холдингін басқаратын болды, деп хабарлайды baq.kz ақпарат агенттігі

Айдар Әріпханов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің жаңа төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол төрағаның орынбасары қызметін атқарған.

Ол 1974 жылы 28 қарашада дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы аясында 2008 жылы Колумбия университетінде экономикалық саясатты басқару бағдарламасын мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды.

Еске сала кетейік, «Бәйтерек» холдингінің бұған дейінгі төрағасы Ерболат Досаев болды. Ол 2017 жылдың тамызында премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер