BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 370.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 419.37 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.58
Астана:

Азия медиа диалогына шетелдік хабар тарату бірлестіктерінің 100-ден аса өкілі қатысады 

«Азия медиа диалогы» форумына Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысады. Бұл жөнінде Қазақстаннның Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің министрлік пен Азия-Тынық мұхиттық хабар тарату одағы бірлесіп қолға алған «Азия медиа диалогы» жобасының басталғалы тұрғанын хабарлаймыз. Бұл іс-шарада бірнеше семинар мен конференция өтеді. Талқыланатын басты тақырыптың бірі – телерадиохабар тарату саласын заманға лайық дамыту болмақ. Форумға Азия-Тынық мұхиты елдерінің ұлттық және аймақтық хабар тарату бірлестіктерінің 100 аса өкілі қатысады», - деген министр қазақстандық медиа менеджерлер мен журналистер аталған ашараны таратуға атсалысатынына сенім білдірді.

Абаевтың айтуынша, телефизия мен радио жоғары технология бойынша әрдайым дамып отыруы қажет және қазақстандық БАҚ бұл үрдістен кенже қалмауы керек.

«Азия медиа диалогы» біздің Азия-Тынық мұхиты хабар тарату одағымен әзірлеп отырған алғашқы ірі жобамыз болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, бұл одақ коммерциялық емес ірі кәсіби қауымдастық және ол 69 елдегі 292 хабар тарату ұйымының басын біріктіріп отыр. Оның әлеуетті аудиториясы шамамен 3 млрд адамды құрайды», - деді ҚР АКМ басшысы.

Брифинг барысында, Дәурен Абаев қазақстандық телерадиоабар тарату ұйымдарының жетістіктеріне тоқталып өтті.

«Бүгінде қазақстандық телерадиоиндустрия да белсенді дамып келеді. Осылайша, Қазақстанда 200 астам телерадиоарна тіркелген, аналогты цифрлық-кабельдік хабар тарату желілері сәтті жұмыс жасауда, қазіргі уақытта министрлік цифрлық эфирлік хабар таратуға көшу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр және өз контентін шетелде сату бойынша отандық телеарналар табысты шараларды іске асырды», - деген министр сөз соңында ағымдағы жылдың қыркүйек айында ведомство Astana Media Week шарасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер